Алматы қаласы Білім басқармасының
«№117 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 351-82-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-72-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2025
Білім күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін! Білім күні құтты болсын!
✨ Жазғы «Арман Дала» лагеріндегі демалыс ерекше, әсерлі өтті!
19
август
2025
✨ Жазғы «Арман Дала» лагеріндегі демалыс ерекше, әсерлі өтті!
✨ Жазғы «Арман Дала» лагеріндегі демалыс ерекше, әсерлі өтті! Мектебіміздің оқушылары лагерьден алған естеліктерімен, жаңа достықтарымен және ұмытылмас әсерлерімен бөлісті. 🌿 Қызықты ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар мен жылы атмосфера балалардың жазғы демалысын мәнді етті. 💫 Оқушыларымыз келесі жылы да «Арман Далада» демалуды армандап отыр! Балаларға осындай тамаша мүмкіндік сыйлағаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасына алғысымызды білдіреміз. #АрманДала
Жұмысшы мамандықтар жылы!
04
июль
2025
Жұмысшы мамандықтар жылы!
Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Елімізде жұмысшы мамандықтарға қатысты қандай жобалар жүзеге асырылатынына шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түлектерімізге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз.
17
июнь
2025
Түлектерімізге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз.
Биыл мектебімізде ерекше, жарқын түлек жылы болды. Мектепті 196 оқушы аяқтады. Олардың ішінде: – 8 “Алтын белгі” иегері – 19 үздік аттестат иегері бар. Бұл – түлектеріміздің еңбегі мен табандылығының, ата-аналардың қолдауының, сондай-ақ сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Түлектерімізге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз. Түлектеріміз
"Ата заң-Тәуелсіздік ел тұғыры" тақырыбында кітапханада экскурсия
29
май
2025
"Ата заң-Тәуелсіздік ел тұғыры" тақырыбында кітапханада экскурсия
№ 117 ЖББМ КММ-де "Ата заң-Тәуелсіздік ел тұғыры" тақырыбында кітапханада экскурсиялар, ашық іс-шаралар, викториналар, оқырмандар конкурстары өткізіледі. Өткізілген экскурсиялар мен іс-шаралар оқушыларға жаңа білім алуға, алған әсерлерінің багажын алуға, кітаптардың тарихымен танысуға, кітап байлығының мүмкіндігін көруге мүмкіндік береді. Кітапханаға баруға, оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге қызығушылық танытады. ​Ата заң-Тәуелсіздік ел тұғыры​​​ 
Балаларды қорғау күні!
26
май
2025
Балаларды қорғау күні!
КММ №117 ЖББМ-де 1 маусым күні «Балаларды қорғау күні» қарсаңында «Әрқашан балалық шақ болсын» атты челлендж өтті. ​Балаларды қорғау күні​​​ #біртұтас_тәрбие_алматы #ҚазақстанБалалары 
Соңғы қоңырау!
24
май
2025
Соңғы қоңырау!
ЖББМ №117 КММ: “Соңғы қоңырау” – есте қаларлық сәт! Бүгін мектебімізде ерекше толқыныс пен қуанышқа толы “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны өтті. 11-сынып түлектері үшін бұл күн мектеппен қоштасу, үлкен өмірге қадам басу күні болды. Мерекелік шарада үздік оқушыларға грамоталар табысталып, мектеп бітірушілер әсем вальс билеп, көрерменнің жүрегін тебірентті. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, бимен қуантты. Салтанатты жиынға пән мұғалімдері, ата-аналар және мектеп
ДЕНСАУЛЫҚ — БАСТЫ БАЙЛЫҚ!
23
май
2025
ДЕНСАУЛЫҚ — БАСТЫ БАЙЛЫҚ!
ДЕНСАУЛЫҚ — БАСТЫ БАЙЛЫҚ! 2025 жылғы 23 мамырда Қалалық жалпы білім беретін №117 мектепте «Бүкілалматылық таңғы жаттығу» акциясы өтті! Мектебіміздің 1000-нан астам оқушысы біркелкі формада мектеп стадионында таңғы жаттығуға қатысып, күні бойына күш-қуат пен сергектік алды! Белсенділік пен бірлік рухы шара қатысушылары - балаларға, олардың ата-аналарына және ұстаздарына мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! #БүкілалматылықЖаттығу
Алматы қаласы Әуезов ауданының «№117 ЖББМ» КММ-сінде әскерилендірілген эстафета өтті
22
май
2025
Алматы қаласы Әуезов ауданының «№117 ЖББМ» КММ-сінде
Алматы қаласы Әуезов ауданының «№117 ЖББМ» КММ-сінде әскерилендірілген эстафета өтті «№117 ЖББМ» КММ-сінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскерилендірілген эстафеталық жарыс өткізілді. Іс-шараны №117 ЖББМ КМ және Алматы қалалық Білім басқармасының «Дене шынықтыру және спорт қалалық оқу-тәжірибелік орталығы» бірлесе ұйымдастырды. Басты мақсат — АӘ және ТД пәні мұғалімдерінің патриоттық сезімін нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру, теориялық және физикалық дайындығын дамыту. Эстафета
"Менің отбасым" флэшмобы өткізілді.
22
май
2025
"Менің отбасым" флэшмобы өткізілді.
№117 ЖББМ -нде 22 мамыр күні "Менің отбасым" флэшмобы өткізілді. В КГУ ОШ 117 22 мая провели флэшмоб "Моя семья". #біртұтас_тәрбие_алматы  "Менің отбасым"
Наш адрес
КГУ «Общеобразовательная школа №117» Управления образования г.Алматы
г.Алматы ,Ауэзовский район ,микрорайон Жетысу-21,д.8б
Маршруты автобусов: 106,85,104,118,112,77,38 остановка МАГАЗИН
©2015-2023, Алматы қаласы Білім басқармасының "№117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған. "Интеративті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722