24
май
2025
Соңғы қоңырау!
ЖББМ №117 КММ: “Соңғы қоңырау” – есте қаларлық сәт! Бүгін мектебімізде ерекше толқыныс пен қуанышқа толы “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны өтті.
11-сынып түлектері үшін бұл күн мектеппен қоштасу, үлкен өмірге қадам басу күні болды. Мерекелік шарада үздік оқушыларға грамоталар табысталып, мектеп бітірушілер әсем вальс билеп, көрерменнің жүрегін тебірентті.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, бимен қуантты.
Салтанатты жиынға пән мұғалімдері, ата-аналар және мектеп әкімшілігі қатысты. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Біздің түлектерімізге болашақта тек сәттілік серік болсын!
Соңғы қоңырау