29
ноябрь
2024
29.11.2024 ж. 8 сынып оқушылары шекара қызметінің әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық іс-шараға қатысты.
29.11.2024 ж. 8 сынып оқушылары шекара қызметінің әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық іс-шараға қатысты. Бұл сапар өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке деген құрметті қалыптастыруға бағытталып, сегізінші сынып оқушыларындағы тәрбие жұмысының бір бөлігі болып табылады. Іс-шара 8 "К" сыныбының ата-анасы Талғат Талапұлы Каналиевпен бірлесе ұйымдастырылды. Ата-аналар мен педагогикалық ұжымның өзара іс-қимылы - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде табысқа жетудің кепілі.

