24
октябрь
2024
«Жасай бер, Қазақстан»
Әуезов ауданында Республика күніне арналған «Жасай бер, Қазақстан» атты флешмоб өтті
Жуырда Әуезов ауданында 33 мемелекеттік мектептерден жиналған 330 оқушының қатысуымен Республика күніне арналған "Жасай бер, Қазақстан" атты флешмоб өткізілді. Іс-шара №97 жайлы мектеп-гимназиясының аумағында ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара патриоттық және бірлік ұранымен өтті. Флешмобтың басты мақсаты – ел болашағы азаматтардың ауызбіршілігіне байланысты екенін көрсету және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Мереке барысында Қазақстан республикасы Туының аясында оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетіп, мемлекетіміздің гимнін орындады. Сонымен бірге оқушылар бірлік пен ынтымақтың белгісіндей достық атмосферада мейірімділікті және өзара түсіністікті білдіретін би биледі.
Мерекеде №97 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Асқаров Ж.Ж. патриоттық ән орындап, №116 мектептің «Санрайз» бишілер тобы да өз өнерін көрсетті.
Флешмоб «Жасай бер, Қазақстан» атты