05
май
2025
«Мейірімді қақпақ» акциясы
Біздің мектепте республикалық «Мейірімді қақпақ» акциясы өтуде. Бұл жай ғана акция емес, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған маңызды қадам. Акцияның басты мақсаты — қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығына назар аударту және қарапайым ғана іс-әрекет — пластик қақпақтарды жинаудың табиғатқа пайда әкеле алатынын көрсету. Сонымен қатар, бұл акция онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған.
Акцияға барлық мектеп ұжымы — оқушылар, мұғалімдер және техникалық қызметкерлер қатысты. Ешкім тыс қалған жоқ. Мектебіміз бәрімізді біріктіріп, әлемді таза әрі мейірімді етуге үлес қосты.