08
апрель
2025
«Балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбындағы жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 18:00-де КММ «№117 жалпы білім беретін мектепте» балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысқандар:
– Әуезов ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Азимбаев Ш.Э.;
– Әуезов ауданы ІІБ ӘТБ-ның мемлекеттік автоинспекторы, полицияның аға лейтенанты Қапаров Еркін Берікұлы;
– мектеп директоры Самаликова Г.А.;
– тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Орманбекова Г.К.
Полицияның аға лейтенанты Қапаров Е.Б. келесі маңызды мәселелерге тоқталды:
– балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының статистикалық деректерімен таныстыру;
– жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелеріне, әсіресе жолдан өту кезінде сақтық шараларына назар аудару, сондай-ақ балалардың жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануының маңыздылығы;
– балаларды көлікпен тасымалдау кезінде арнайы автокресло мен қауіпсіздік белдігін қолданудың қажеттілігі;
– балалардың жол ережелерін сақтауын үнемі қадағалау қажеттігі;
– мопед жүргізетін жасөспірімдер мәселесі ерекше атап өтілді. Ата-аналарға 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері өзге де механикалық көлік құралдарын басқарушылармен бірдей жауапкершілікке тартылатыны жеткізілді. Мысалы, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту үшін мопед жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Полиция капитаны Азимбаев Ш.Э. жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл түрлерін түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында мектеп директоры Самаликова Г.А. ата-аналарға балаларды тәрбиелеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға деген жауапкершілікпен қарағандары үшін алғыс білдіріп, отбасылық тәрбиенің басым бағыттарының бірі ретінде балаларда жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруда ата-аналық жауапкершіліктің және тәрбиелік құзыреттіліктің маңыздылығын атап өтті.
«Балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбындағы жалпы мектептік ата-аналар жиналысы 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 18:00-де КММ «№117 жалпы білім беретін мектепте»