13
декабрь
2024
«Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» атты 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткен кездесу кеші
«Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!»

атты 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткен кездесу кеші
Бүгін 12 желтоқсан 2024 жылы №117 ЖББМ КММ-де желтоқсан құрбандарының қатысуымен «Ар - намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» атты 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай кездесу кеші өтті. Кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің әдістеме бірлестігінің мұғалімдері.
Кеш қонақтары желтоқсан оқиғасының қатысушылары: Қалибек Телғараев, Сержан Халимульдинов, Гульмира Базарбаева.
Іс-шара мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай, желтоқсан құрбандарын еске алу, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, ұлтжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Ал концерт шымылдығын мектеп оркестрінің орындауындағы «Адай» және «Балбырауын» күйлері ашып берді. 10-11 сынып оқушылары «Тәуелсіздік тарихы» атауымен Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап, Желтоқсан көтерілісіне табан тіреп, ел тәуелсіздігіне дейінгі уақытты сахналық көрініс арқылы көрерменге көрсете отырып, бір минут үнсіздік жариялады. Мың бұралған бишілер, күміс көмей әншілер өз өнерлерін паш етіп, қазақтың киелі қара домбырасымен күмбірлете «Аққу» күйін орындап, қонақтардың ыстық ықыласына ие болды. Аталған тақырып бойынша 5-8 сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, поэзиядан сыр шертті.
Іс-шара барысында қонақтар оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап бере отырып, өткен желтоқсан көтеріліс естеліктерімен бөлісті. Келген қонақтар мектеп кітапханасының қорына Талғат Бигелдиновтің кітабын сыйға тартты.
Кеш соңында мектеп басшысы Самаликова Гульдана Амангельдиевна мен оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Қыдықова Замзагүл Айдарханқызы сөз сөйлеп, айтулы мерекемен құттықтап, Желтоқсан құрбандарын еске алып, келген қонақтарға алғыстарын білдірді.
Кездесуіміздің соңында Бекболат Таңатқанұлы «Ұлы дала» әнін шырқап, 5-11 сынып оқушылары флешмобпен аяқтады.
#бір_тұтас_тәрбие