Алматы қаласы Білім басқармасының
«№117 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 351-82-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-72-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бастауыш сынып оқушыларының ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту" тақырыбында алғашқы ата-аналар форумы өтті.
25
ноябрь
2024

"Бастауыш сынып оқушыларының ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту" тақырыбында алғашқы ата-аналар форумы өтті.

2024 жылғы 23 қарашада Ата-аналарды психологиялық қолдау орталығы аясында №117 ЖББМ КММ-де "бастауыш сынып оқушыларының ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту" тақырыбында алғашқы ата-аналар форумы өтті.
Форумның мақсаты ата-аналарға мектептің ішкі атмосферасына енуге, оқушылардың дағдыларын дамыту туралы білуге мүмкіндік беру болды.
Форум спикерлері бастауыш сынып мұғалімдері Мелдеханова Х. Б., Молдасова Д. К., Мамедова С. Р., Плочотникова О. П. болды.
Бастауыш сыныптарда ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту – бұл білім берудің болашағына ғана емес, жалпы қоғамымыздың болашағына да салынған инвестиция.
Форумда ата-аналар өзгерушең әлемде балаларына қандай дағдылар қажет екенін біліп-үйреніп, бәрі бірлесе отырып топтық жұмыс та жасап үлгерді.
Ата-аналарға проблемалық сұрақ қойылды және оны талқылау барысында мәселені шешудің қызықты тәсілдері анықталды және нәтижеге жетудің әртүрлі нұсқалары ұсынылды, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы және балалармен өзара әрекеттесудің заманауи жолдары көрсетілді.
Форумның жарқын сәті 3 "Е" сынып оқушыларының би билеуі мен музыка пәнінің мұғалімі Б.Т. Исмайловтың орындауындағы ән болды, ата-аналар да көңіл көтеріп би билеп, ән салды.
Енді ата-аналар форумдарын өткізу дәстүрге айналады, өйткені бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде өтті және барлығына пайдалы болды.
Ата-аналардың тарапынан жағымды, оң пікірлер айтылып, өте жақсы кері байланыс алынды.
«Бастауыш сынып оқушыларының ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту»​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Наш адрес
КГУ «Общеобразовательная школа №117» Управления образования г.Алматы
г.Алматы ,Ауэзовский район ,микрорайон Жетысу-21,д.8б
Маршруты автобусов: 106,85,104,118,112,77,38 остановка МАГАЗИН
©2015-2023, Алматы қаласы Білім басқармасының "№117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған. "Интеративті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722