Алматы қаласы Білім басқармасының
«№117 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 351-82-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-72-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаратылыстану-ғылыми пәндер сабақтарында STEM технологиясын қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" атты қалалық семинар өткізілді
22
февраль
2024

"Жаратылыстану-ғылыми пәндер сабақтарында STEM технологиясын қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" атты қалалық семинар өткізілді

Кеше 21 ақпанда біздің мектеп базасында "Жаратылыстану-ғылыми пәндер сабақтарында STEM технологиясын қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" атты қалалық семинар өткізілді. 
Семинар жоғары деңгейде өтті. Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдері Азизова Дильорам Тельмановнаға, Тұрсынгалиева Гульшат Қуанышовнаға,  Жармахан Қамшат Құрманали Қожақызына, Насырова Зульфия Хамитқызына, Дүйсембаева Әсел Жүнісқызына,  Мыңжанова Анар Жолдасбекқызына, Ербол Парилаға,  Асқарова Шинар Қуанғанқызына,  Құлебаева Гүлнар Олжабайқызына,    Земзюлин Дмитрий Сергеевичке,  Жардимгалиева Жанна Ермекқызына үлкен алғыс білдіреміз!

Сабақтар керемет өтілді, біздің мұғалімдер мен оқушылар жоғары деңгейде болды.  Семинардың барлық қатысушылары мұғалімдер мен оқушыларды бірауыздан мақтады. Олар біздің мектеп оқушыларына таңданысын көрсетті. Барлығы сыпайы, әдепті, кездескенде сәлемдеседі. Кезекші сыныптар кезекшілікті өте жақсы орындады. Кезекші мұғалімдерімізге алғыс білдіреміз! 

Психологтар Норузова Гульмира Бакримовна, Майова Ирина Леонидовнаға үлкен алғыс! 

Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің көмек көрсетуін ұйымдастырғаны үшін Қыдықова Замзагүл Айдарханқызына, Ибраймова Арайлым Ержанатқызына, Күнбасова Балжан Талғатқызына, Молжигитова Сандуғаш Ермекқызына, Мұсабаева Баян Бауыржанқызына, Пашарова Гүлмира Түгелбайқызына, Айтбай Алина Қуатбекқызына үлкен алғыс білдіреміз! Әріптестер ұлттық камзолдарда болды, қонақтарды қарсы алып, шығарып салды.

Біздің тұрақты жүргізушіміз Буршакбаева Бану Серікқалиқызына, Жексембаев Шыңғыс Ысқақбекұлына рахмет! Семинардың салтанатты бөлігін өте жақсы өткізді.

Әбілдаева Клара Айдарбекқызына, Исмайлов Бекболат Таңатханұлына және хореограф Шаравина Мария Сергеевнаға акт залында өнер көрсетуге көмектескені үшін үлкен рахмет! Біздің балаларымыздың биі -  тамаша, ұлттық костюмдер - керемет, 2-сыныптың сынып жетекшісі Шаравина Ольга Валерьевнаға алғыс айтамыз!

Қалалық семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін біздің ең креативті, дана, сүйікті Козина Светлана Степановнаға  "Жаратылыстану-ғылыми пәндер сабақтарында STEM технологиясын қолдану" презентациясы үшін үлкен рахмет! Сіздің жетекшілігіңіздегі әдістемелік бірлестік мұғалімдері  жоғары деңгейде сабақтар өткізіп, сабақтарға қызықты тәжірибелер қойды. 

Семинарды ұйымдастырушы директордың ОІ жөніндегі орынбасары Қалдыбаева Бағдагүл Оматайқызына үлкен алғысымыз шексіз! Бәрі керемет болды!
Бұл семинар жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді шешуге ықпал етті деп үміттенеміз, біздің мектептің педагогикалық ұжымының ұсынылған тәжірибесі пайдалы және жұмыста қолданылады деп сенеміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Наш адрес
КГУ «Общеобразовательная школа №117» Управления образования г.Алматы
г.Алматы ,Ауэзовский район ,микрорайон Жетысу-21,д.8б
Маршруты автобусов: 106,85,104,118,112,77,38 остановка МАГАЗИН
©2015-2023, Алматы қаласы Білім басқармасының "№117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған. "Интеративті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722