Алматы қаласы Білім басқармасының
«№117 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 351-82-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-72-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2022

Қазақстан Республикасы Президентінің Таңдауы




Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2022 жылғы 21 қыркүйек Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақтылы жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін шешуде Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жан-жақты жәрдем көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент

Қ. Тоқаев
 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Наш адрес
КГУ «Общеобразовательная школа №117» Управления образования г.Алматы
г.Алматы ,Ауэзовский район ,микрорайон Жетысу-21,д.8б
Маршруты автобусов: 106,85,104,118,112,77,38 остановка МАГАЗИН
©2015-2023, Алматы қаласы Білім басқармасының "№117 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған. "Интеративті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722