Ана күніне арналған «Ана — батыр!» тақырыбында сынып сағатын өткізді
4 «Б» сыныбында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында 2025 жылғы 15 қыркүйекте сынып жетекшісі Салихова З.Н. Ана күніне арналған «Ана — батыр!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталып, сергіту сәтімен жалғасты. Оқушылар «Неліктен менің анам – еңбекқорлық пен қамқорлықтың үлгісі?» тақырыбында шағын эссе жазды. Сонымен қатар «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.