Іс-шара «Біртұтас тәрбие: спорт – зиянды әдеттерге қарсы»
Бүгін мектебімізде аудандық дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің конференциясы өтті. Іс-шара «Біртұтас тәрбие: спорт – зиянды әдеттерге қарсы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Конференцияға бүкіл ауданның мұғалімдері қатысты. Қатысушылар дене тәрбиесінің және салауатты өмір салтының маңыздылығын талқылап, оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын, спорттық іс-шаралар арқылы тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін ортаға салды. #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас_тәрбие_алматы